Бүкіләлемдік ұйым Қазақстанды құс тұмауынан таза ел деп таныды

871

Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізеді.

Бүкіләлемдік ұйым Қазақстанды құс тұмауынан таза ел деп таныды

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ХЭБ) ресми сайтында Қазақстанның құс тұмауынан таза ел деп танылғандығы туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығына жауапты ведомство хабарлады.

"Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық",– делінген АШМ баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, құс тұмауынан таза ел ретінде мойындалуға еліміздің барлық ветеринарлық қызметінің, ауыл шаруашылығы министрлігінің, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымының еңбегі сіңгендігі аталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу