Бүкіләлемдік Универсиада тағы да Ресейде өтеді

743

Халықаралық университет спорты федерациясының отырысында атқарушы комитет 2023 жылғы жазғы Универсиаданың астанасын таңдады. 

Бүкіләлемдік Универсиада тағы да Ресейде өтеді

Халықаралық университет спорты федерациясының отырысына қатысушылар бірауыздан Ресейдің Екатеринбург қаласына дауыс берген, деп хабарлайды olympic.kz.

Наепольда өткен отырыста Ресейдің ірі спорттық жарыстарды өткізуден тәжірибесі мол екендігіне басымдық берілді. Атап айтар болсақ, көрші елде футболдан әлем чемпионаты, қысқы және жазғы универсиада ойындары мен олимпиада өткен болатын. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында жазғы Универсиада өтсе, 2019 жылы Красноярскіде студенттердің қысқы ойындары ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу