Букмекерлер көшкісі келмейді

730

"Ойын бизнесі" туралы заң мәжіліс қабырғасында талқылануда.

Букмекерлер көшкісі келмейді

Еліміздегі букмекерлік кеңселер оқшау жерге көшірілуі мүмкін. Яғни бәс тігетін орындар казиноға теңестіріледі. Мұндай бастаманы үкімет көтеріп отыр. Жыл соңына дейін "Ойын бизнесі" туралы заңға тиісті өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды КТК.

Алайда бәс тігумен айналысатындардың пікірінше, аталмыш бастама оларды қыруар шығынға батырады.

Былтыр еліміздегі букмекерлік кеңселер қазынаға 16 миллиард теңге салық төлеген.

Бәс тігетін кеңселердің қожайындары жобадағы 7 өзгерістің біреуін мүлдем қолдамайды. Басты уәжі – олардың табысы казиномен салыстыруға мүлдем келмейді. Себебі, адамдар спорт жарыстарында ғана қалтасынан ақша шығарып, бәс тігеді.

Сондай-ақ, олар салынатын қосалқы салықтың да ауыр тиетінін айтады. Ойын бизнесін реттеуге мемлекеттен көмек сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу