Букмекерлердің сыртқы жарнамасына тыйым салынды

206

21 жасқа толмаған қазақстандықтар құмар ойын ойнай алмайды.

Букмекерлердің сыртқы жарнамасына тыйым салынды Фото: canva.com

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді құмар ойындар мен бәс тігулердің жарнамасы шектеледі. 

"Заң букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салады. Бұл тек букмекерлік кеңселерге, спорт ғимараттарына және спорттық жабдықтарға арналған. Осыған ұқсас ереже бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарға да қарастырылған. Спорттық БАҚ және халықаралық жарыстарды тікелей көрсететін спорттық емес жергілікті арналар үшін ерекше жағдай жасалған. Сонымен қатар азаматтар букмекерлік кеңсенің жарнамасы бар SMS-хабарламаларды алмайды", - деді вице-министр.

Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындар мен бәс тігулермен айналысуына жол беруге тыйым салынады. 

"Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған тұлғаларды және өзін-өзі шектейтін тұлғаларды жолға қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Құқық бұзушылар үшін заң ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу