Букмекерлік агенттіктердің интернеттегі жарнамасына шектеу қажет

736

Әділет министрлігі жарнама туралы заңға толықтыру енгізбекші.

Букмекерлік агенттіктердің интернеттегі жарнамасына шектеу қажет Фото: rbk.ru

Букмекерлік кеңселердің интернет арқылы жастарды тартуы Әділет министрлігінің мамандарын алаңдатып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің басшысы Алан Тіленшиев аталмыш мәселені ведомствоның алқа мәжілісінде көтерді.

"Балаларымыз интернет арқылы букмекерлік агенттіктердің жарнамасын күн сайын көріп жүр. Өкінішке қарай, жастардың букмекерлік агенттіктер мен лотореяларға әуестігі артып келеді. Бізге, бәлкім, өкілетті министрлікпен бірге қолданыстағы "Жарнама туралы" Заңға толықтырулар енгізу дайындау қажет шығар", – деді ол. 

Министр Марат Бекетаев бұл мәселені жолға қою үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсыныс жолдау керектігін айтты.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу