Букмекерлік кеңселердің басшылары бас бостандықтарынан айырылды

1020

PariMatch, ВК Triumph, Фаворит және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары жауапқа тартылды.  

Букмекерлік кеңселердің басшылары бас бостандықтарынан айырылды

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құмар ойындарының өкілдері заңды бизнеспен қатар заңға қайшы кәсіппен айналысқан. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, онлайн-казиноның көрігін қыздырған.

Сот үкімімен PariMatch БК және BK Triumph БК лауазымды тұлғаларына 500 және 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал Фаворит және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс бойынша олардан 700 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, елімізде "Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес ел аумағында электронды казино мен интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салынған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу