Букмекерлік кеңселердің дені ойын бизнесін заңсыз жүргізуде

840

Букмекерлік кеңселердің дені ойын бизнесін заңсыз жүргізуде

Прокуратура органдары тексерулерінің нәтижесінде Ақтөбе өңірінде жүзден астам букмекрлік кеңселердің ойын бизнесін заңсыз жүргізіп отырғаны анықталды. Оның тек 42-і ғана салық органдарында есепке алынып, тиісті салықтарын төлеген, деп хабарлайды еgemen.kz.

Облыс прокурорының орынбасары Ерғали Мәбиевтің мәлімдеуінше облыс орталығындағы бірқатар ойынханалар тұрғын үйде орналасқан. Арнайы ғимараттағылардың өзіне бейне камералар қойылмаған. Күзетпен қамтылмаған. Он сегіз жасқа толмаған балалар да бәс тіге береді. Мұның бәрі заңға қайшы дейді Е.Мәбиев. Солай бола тұрса да, құзырлы органдарға оларды жабуға өкілеттілік берілмеген. Сондықтан да олар тек әкімшілік жаза берумен шектелуге мәжбүр. Тағы бір көзіміз жеткен жайт ойын бизнесінің ортасында жүргендерді қылмыс үстінде әшкерелеу қиынға соғады екен. Мұның мәнісі ойынханалардың өте сақ, жасырын әрі ұйымдасқан түрде жұмыс істейтінінде болып шықты. Әрине мұның өзі заңсыз жұмыс істейтін букмекрлік кеңселерге қатысты қылмыстық іс қозғалмаған екен деген ойды білдірмейді. Ашығын айтқанда аймақта өткен жылы ойын бизнесіне қатысты қырыққа жуық қылмастық іс қозғалған. Алайда оның тек үшеуі ғана сотталыпты. Ал биылғы бес айда тек жалғыз адам ғана істі болыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу