Букмекерлік кеңселерге қатысты қылмыстық істер шеңберінде 135,7 млрд теңге қосымша салық есептелген

578

Оның 17 млрд теңгесі бүгінгі таңда өндіріліп алынды.  

Букмекерлік кеңселерге қатысты қылмыстық істер шеңберінде 135,7 млрд теңге қосымша салық есептелген

Бұл туралы Сенат отырысында ҚР Премьер- Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Корпоративтік табыс салығы бойынша бересінің өсуіне қатысты салықтық берешектер мен бересінің өсуі бірнеше объективті себептерге байланысты болды. Біріншіден, тексеру актілері бойынша есептеу. Мысалы, букмекерлік кеңселерге қатысты қылмыстық істер шеңберінде 135,7 млрд теңге қосымша салық есептелген, оның 17 млрд теңгесі бүгінгі таңда өндіріліп алынды.Сондай-ақ, басқа да салықтық тексерулер бойынша 52,3 млрд теңге қосымша салық есептелген. Екіншіден, қосымша есептеулер бойынша ірі салық төлеушілердің аванстық төлемдерді уақтылы төлемеуі. Заңнамаға сәйкес аванстық төлемдер 25 желтоқсаннан кешіктірмей төленуі тиіс. Іс жүзінде кәсіпорындар бұл төлемдерді ағымдағы жылы қаңтардың басында төлеген. Оның сомасы – 166,5 млрд теңге. Үшіншіден, "Petro Qazaq" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бонусы бойынша 59,6 млрд теңге сомасына қосымша декларация ұсынуы. Активтердің болмауына байланысты өндіріп алудың барлық шаралары аяқталғаннан кейін компания банкрот деп танылды", – деді спикер. 

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану есебінен салықтық берешек 337,2 млрд теңгеге төмендетілген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу