Дана Нұржігітова: Букмекерлік компаниялардың жарнамасына тыйым салу керек

1340

Сенат депутаты Дана Нұржігітованың айтуынша, өзіне шағымданған азаматтар букмекерлік кеңселерді жарнамалауға қатысты заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

Дана Нұржігітова: Букмекерлік компаниялардың жарнамасына тыйым салу керек

"Жарнама туралы" қолданыстағы заңға сәйкес казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметтерін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамалары интернетте агрессивті түрде алға жылжып барады. Осы фактіні ескере отырып, букмекерлік компанияларды жарнамалауға толық тыйым салу бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет", – деді Дана Нұржігітова.

Сенатордың мәліметінше, Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады. Ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында. 

"Жасы 18-ге толған кез келген азаматқа, табысына қарамастан, мобильді қосымшалармен несие беріледі. Мұндай қолжетімді несиелер құмар ойындардың төлемдеріне де жұмсалады. Банк алдында берешегі бар, құмар ойынның жетегінде жүрген 18-27 жас аралығындағы азаматтар әскерге барады. Бұл кезде несиенің пайызы өсе береді", – дейді Нұржігітова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу