Шығыстағы Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп кетті. Бұл құбылыс жағажайдағы кәсіпкерлер үшін үлкен үрейге айналып барады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Жергілікті жердегі халық та құрғақшылықты көріп, алаңдап отыр.
Бұқтырма су бөгенінің ені 35, ұзындығы 425 шақырым. Қоймадағы су тек еліміздің шығысын ғана қамтамасыз етіп отырған жоқ. Абай, Павлодар облысы арқылы Сәтпаев каналымен аққан су Орталық Қазақстанның қажеттілігін де өтеуде. Бірақ қазіргі жағдай ұзаққа созылса, көрші облыстардың суға деген сұранысын қанағаттандыру оңай болмайтын секілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу