Алтай ауданының № 2 сотының материалдарына сәйкес, турист база иесіне келтірілген барлық залалды толық өтей алмаған.
Шілдеде Өскеменнен Бұқтырма жағасындағы демалыс базаларының біріне барып орныққан турист кәсіпкердің мүлкін бүлдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ақпаратқа қарағанда, демалушы ішімдікке мас болған. Түнде өзі орналасқан демалыс базасының тоңазытқыш, шәйнек және есіктерін қиратқан. Ол шәйне пен есіктің шығынын өтеген, бірақ тоңазытқышқа келген залалға қаражат беруге келіспеген.
Кәсіпкер оның үстінен сотқа жүгінеді. Алтай ауданының № 2 сотының мәліметіне қарағанда, турист кінәлі деп танылып, тоңазытқыш үшін 48 300 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.