Еліміздегі ең ұзын көпір көлік инфрақұрылымын жақсарта ма?

234

Еліміздің бірқатар өңіріне жұмыс сапарымен барған Көлік министрі Марат Қарабаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылыс барысын тексерді. 

Еліміздегі ең ұзын көпір көлік инфрақұрылымын жақсарта ма? Фото: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған жобаның аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Құрылыс нысанының халық игілігіне пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының көлік инфрақұрылымын жақсартады деп күтілуде.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасындағы көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы үшін маңызды нысан.

Салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. 21 тіректің 18-і салынып, қалған үш тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Нысанда арнайы айлақ, жиынтықтаушы бөлшектерді дайындауға арналған уақытша құрылыс алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ инженерлік желілер тартылған. Жұмысты жеделдету мақсатында көпірдің құрылысы бір мезгілде сол және оң жағалаудан қатар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталған. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын. Учаскедегі жұмысшылар екі ауысымда істейді, жалпы саны 200-тен астам адам жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу