Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең үлкен көпір салынып жатыр

244

Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метрді құрайды. 

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең үлкен көпір салынып жатыр Фото: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-ы орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды.

Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды", - деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу