Бұқтырма су қоймасына көпір салынады

1590

Бұқтырма су қоймасына көпір салынады

Бұқтырма су қоймасына көпір салынады. Еліміздегі ең үлкен бұл көпірді салуға 34 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Құрылысты бастауға қазірден-ақ осы салада мол тәжірибе жинаған бірнеше әлемдік компания құлшынып отыр.

Бұл көпір Қатонқарағай мен Күршім ауданы және Марқакөл өңіріндегі тұрғындар үшін қатынас мәселесін толық шешіп бермек. Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы үш аудан халқының қатынасы қазіргі күні паромға тәуелді. Жаз бен күзде көліктерді жағаға екі паром тасымалдайды. Алайда қалқымалы өткелмен ауыр жүк көліктері мен әскери техникаларды өткізуде өзіндік қиындықтар бар.
Көпір салу мәселесі соңғы 10 жыл бойы айтылып келеді. Сондықтан өткен жылы атқарушы билік техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, биыл мамыр айында жобасын да дайындаған. Алып көпірдің ұзындығы бір мың бес жүз, ал ені 14 метр болады. Стратегиялық маңызды нысан құрылысына қаржы салуға Қытай, Үнді, Түркия және Жапония мемлекеттері ұсыныс білдірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу