Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысын республикалық бюджеттен одан әрі қаржыландыру үшін мемлекет меншігіне берілді.
Аталған көпірдің құрылысы жоспарға сай толық аяқталса, еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Оның құрылысы 2021 жылы басталған болатын.
Ендігі кезекте көпір құрылысын республикалық бюджеттен одан әрі қаржыландыру үшін мемлекет меншігіне берілді,
"Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің жалпы құны – 61,4 млрд теңге, оның 27,5 млрд теңгесі игерілді. Биыл жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд. облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге қарастырылған. Құрылысты республикалық бюджеттен одан әрі қаржыландыру үшін көпір мемлекет меншігіне берілді. 21 көпір тірегінің 11-і орнатылып, 7 көпір тірегінің жұмысы жалғасуда. Келер жылдың соңында техникалық жұмыстары аяқталатын болады" , – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Бұл көпір Шығыс Қазақстанның Күршім, Зайсан, Катонқарағай, Марқакөл сияқты төрт ауданын облыс орталығымен байланыстыратын болады.
Осыған дейін аталған ауылдың тұрғындары облыс орталығына қатынау үшін қыста мұздың үстімен, жазды пароммен қатынап келеді. Айта кетейік, қыс айында талай көлік мұз астына кетіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған болатын.