Бұқтырма су қоймасынан 733 келі балық аулаған 5 адам қамауға алынды

438

Келтірілген шығын мөлшері шамамен 5 миллион теңге деп бағаланып отыр.   

Бұқтырма су қоймасынан 733 келі балық аулаған 5 адам қамауға алынды Фото: polisia.kz

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы жағалауында балық ресурстарын аса ірі мөлшерде заңсыз аулау фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнында бес күдікті ұсталып, полицейлер қайықтар, автокөліктер және балық тасымалдауға арналған тіркемелер тәркіленді. Заң бұзушылар жалпы салмағы 733 келі болатын әртүрлі балықты ұстаған. Атап айтқанда: сазан, шортан, көксерке, қаракөз және табан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу