Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы адасып кетті

188

Олар қамыс арасында қалып, қайтар жолдан жаңылысқан.

Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы адасып кетті Фото: Видеодан скриншот

Самар ауданында балық аулауға шыққан 4 ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қараңғы түскен кезде балықшылар бағыт-бағдарынан жаңылып, қалың қамыстың арасынан өз беттерінше шыға алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Ер адамдарды тапқан құтқарушылар оларды көліктеріне дейін ертіп апарды.

Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу