Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тез жетті.
Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына берілді.
ТЖМ еске салады:
- Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
- Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу