Алтай қаласы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықпен суға шыққан зейнеткердің өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кенет жел күшейіп, қайық аударылған. Ер адам суға құлап, көмекке мұқтаж болған.
Оқиға орнына жақын маңда патрульдеу жүргізіп жүрген құтқарушылар дереу жетіп, зейнеткерді судан алып шықты. Сондай-ақ қайықты жағаға шығарып, ер адамды демалыс базасына жеткізді.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Төтенше жағдайлар министрлігі суға шыққанда құтқару кеудешесін киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу