Көлікте бес адам болған, төртеуі шығып үлгеріп, біреуі қалып қойған болатын.
2022 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында сүңгуіршілер суға батып кеткен әйелдің денесін тапты. Жазатайым оқиға 6 желтоқсаны күні Бұқтырма су қоймасында болған.
- Мұз жарылып, көлік суға батқан, ішіндегі 4 адам өздігінен шығып, 72 жастағы әйел шыға алмай, мерт болды. ТЖ қызметкерлері барлығы 9 рет су астына сүңгу жұмыстарын жүргізді. Сүңгуіршілердің жұмысына аяз және су астындағы көзге түрткісіз қараңғылық қиындық туғызды. Іздеу жұмыстарын жүргізу барысында сүңгуіршілер шамамен 20 метр тереңдікке дейін іздеген. Барлығы жеке құрамнан 23 адам мен 7 бірлік техника жұмылдырылды, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.