Бұқтырма су қоймасындағы паромдардың бірі істен шықты

158

Қазіргі уақытта "Қызыл ту" паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр. 

Бұқтырма су қоймасындағы паромдардың бірі істен шықты Фото: Күршім ауданы әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасымен көпір салынып жатқан Бұқтырма су қоймасында қатынайтын паромдардың бірі сынып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын "Қызыл ту" паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр.

"Бүгін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін "Қызыл ту" паром өткелінде екінші паромның сынуына байланысты тек бір паром ғана қатынап жатыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындарды түсініктік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру бойынша мәселе қарастырылуда", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу