Бұл туралы әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салып жатқан "ОблШығысЖол" ЖШС директорының орынбасары Нығметолла Абдұлхаков мәлімдеме жасады.
Айтуынша, оның компаниясы "ОблШығысЖол" ЖШС көпір құрылысына қатысты жарияланған тендерді 2016 жылы ұтып алған.
2021 жылы жобаға енгізілген соңғы түзетулерден кейін олар көпір құрылысы басталған.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екінші кезеңге жеткен. Алайда осы тұста қаржы мәселесі туындаған.
Жалпы құны 62 млрд теңгені құрайтын жобаға осы уақытқа дейін тек 20 млрд теңге бөлінген.
"Ал дәл қазіргі сәтте қаржыландыру мүлде тоқтап қалған. Осылайша, біз құрылысты өз қаржымызға жүргізуге мәжбүрміз", - деді желіде тарақан бейне жазбада компания басшысының орынбасары.
Бұған қатысты құзырлы ведомстволар әлі ешқандай ақпарат берген жоқ.