Облыс орталығынан барған арнайы комиссия Бұқтырмадағы мұздың қалыңдығын өлшеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Көкпекті мен Күршім жағында мұздың қалыңдығы 20 сантиметр, су қоймасының орта тұсында – 17-19 сантиметр. Мұз айдынның шытынаған жерлері де бар. Сондықтан кез-келген көліктің Қызыл ту өткелі арқылы өтуіне тыйым салынады", – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір қос жағалауда полиция блок-бекеті тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу