Бұқтырылған түйе еті нарыққа шықты

1415

Бұқтырылған түйе еті нарыққа шықты

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында түйе етін консервілеу цехы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ауыл кәсіпкері Мұхтар Қармысов ашқан кәсіпорын әзірге тәулігіне 1 мың қалбыр бұқтырылған ет дайындайды. 3 жылға дейін сақталатын консервінің бір данасы – 480 теңге.
Іске қосылған күннен бастап өңірдегі ірі сауда орталықтары кәсіпорын өніміне тапсырыс беруге көшті. Ал жобаның жалпы құны – 25 млн теңге.
"Біздің жұмысымыз – халықтан мал етін алып, соны консервілеу, қалбырлау. Мұнда төрт түлік малдың етін жабамыз. Соның ішінде негізгі ұстанып отырған ұстанымымыз – түйенің етін жабу. Облыста түйенің етін жауып, халыққа сапалы өнімді берудің жолында жұмыс жасап жатырмыз", - дейді "Сегізбай ата" ауылшаруашылық кооперативінің төрағасы Қармысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу