"Бұл – әлемдік рекорд": Қостанайда 2 тонна 300 келі бауырсақ пісірілді

"Бауырсақ фест" іс-шарасының да мақсаты өзара тәжірибе алмасу, әлемдік рекорд орнату болатын.

"Бұл – әлемдік рекорд": Қостанайда 2 тонна 300 келі бауырсақ пісірілді Фото: artandcrafts.cultural.kz

"Бауырсақ фест" іс-шарасына қатысқан жұрт осындай жаңалыққа куә болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тарихи оқиқа Қостанай облысы, Қамысты ауданында болған. Іс-шараға 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысқан.

Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов бұған дейінгі рекорд 2 тонна, 47 келі болғанын атап өтті.

– Әлемдік рекордты тіркеу үшін Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды екі тонна қырық жеті келі болған. Ал, қамыстылықтар "екі тонна жүз келілік межеге жетеміз" деп айтты. Байқағанымыздай, мұнда 2 тонна 300 келіге жақын бауырсақ пісірілді. Сондықтан, рекорд жаңарды. Бұл – тек Қамысты, Қостанайдың ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы. Себебі, бұл – әлемдік рекорд, – деді ол.

Фестивальде ас атасының алуан түрі дайындалып, әр аспаз білгенін ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу