"Бұл футбол емес, мазақ ету!"

837

"Бұл футбол емес, мазақ ету". Түркістанның су жаңа аренасында өткен ойынға Астана футбол клубының бас бапкері берген баға осындай, деп хабарлайды  Atameken Business.

"Бұл футбол емес, мазақ ету!"

Сенбі күні  "Тұран" мен "Астана" командалары кездесті. Бірақ тренерлерді де, ойыншыларды да таблодағы есептен көрі алаңдағы шалшықтар көбірек мазалағандай. Ғаламтор желісінде тараған видеолардан ойыншылардың стадионда суға шомылып жүргенін көруге болады.

Матч екіде-екі болып аяқталды. Алайда соғылған голдардан жарақат алған спортшылар көбірек.

Астана футбол клубының бас бапкері Андрей Тиханов: "Ойынның теледидарлардан емес интернетте көрсетілгені дұрыс болды. Әйтпесе күлкіге қалар едік", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу