"Бұл міндет – бос қиял емес": Тоқаев инвестициялық штаб мүшелерінің жеке жауапкершілігін еске салды

229

Мұндай шаралар еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға ықпал етуді көздейді.

"Бұл міндет – бос қиял емес": Тоқаев инвестициялық штаб мүшелерінің жеке жауапкершілігін еске салды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық штаб мүшелерінің жеке жаупкершілігін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

"Мен жуырдағы Жолдауымда 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе, яғни 450 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде маңызды міндет жүктедім. Бұл міндет – бос қиял емес, Үкіметтің мұқият есептеген іс-қимыл жоспары. Оны орындау үшін жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажет. Ол ел экономикасының маңызды элементіне айналады", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Президент өткен аптада Инвестиция тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру туралы Жарлыққа қол қойды.

"Енді Инвестициялық штабтың жұмысы жобаларды уақытылы және кедергісіз жүзеге асыруға бағытталады. Штабқа заңды күші бар, уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу құқығы берілді. Оған шешімдер қабылдауға құзырет беру аса маңызды. Оны мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар міндетті түрде орындауы керек. Мұндай шаралар еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға ықпал етуді көздейді. Бұл жұмыс Инвестициялық штабтың барлық мүшесіне жеке-жеке жауапкершілік жүктейді", - деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу