"Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба": Президент "Таза Қазақстан" акциясы туралы

187

 Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды.

"Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба": Президент "Таза Қазақстан" акциясы туралы Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімінде сөзін қорытындылай келе, апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Баршаңызға мәлім, қазір "Таза Қазақстан" акциясы басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні – ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп қабылдаған жөн, – деді Президент.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу