"Бұл салықтан босату емес": Вице-министр жер қойнауын пайдалануға балама салық енгізу туралы

197

Мұны ірі кәсіпорындар қолданады.  

"Бұл салықтан босату емес": Вице-министр жер қойнауын пайдалануға балама салық енгізу туралы Фото: primeminister.kz

Жаңа Салық кодексінің жобасында жер қойнауын пайдалануға балама салық нормасы ұсынылған. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл салықтан босату емес деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"...Қаралып отырған Салық кодексінде жер қойнауын пайдалануға балама салық енгізіледі. Ол дамыған мұнай-кен орындары үшін қолданыстағы бірнеше салықтар мен төлемдерді алмастырады. Нақты қандай жер қойнауын пайдаланушылар үшін балама салық қолданылады және ол іс жүзінде қалай іске асырылатын болады?", – деп сұрады сенатор Нұрлан Бекназаров.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Каспий шельфінде кен орындарын пайдаланатындар үшін арнайы механизм қолданды.

"Теңіз, Қашаған, Қарашығанақты алмасақ, қазіргі уақытта бүкіл шикізат өңдеуі көлемінің тұрақты түрде төмендеуі байқалуда. Бұл бірінші инвестициялық циклдің бітуіне байланысты. Сол себепті жаңа механизмдер керек. Мысалы, Қызылордада соңғы 10-15 жылда мұнай өңдеу көлемі 5 есеге азайды. Маңғыстау облысында осындай жағдай күтіледі. Тек геологиялық қиындықтарға байланысты емес, сулану мен қордың сарқылуына байланысты. Олар тоқтап қалса, ертең өңірлердің әлеуметтік жағдайына әсер етеді. Сол себепті осындай механизм сарқылып бара жатқан кен орындарын қолдау үшін ұсынылды. Бұл жаңа институт", – деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Бұл мәселеге Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов та пікір білдірді.

"Баламалы жаңа салық режимі енгізіліп отыр. Бұл салықтан босату емес. Мұны ірі кәсіпорындар қолданады. Қазір 365-сы республикалық мониторингте отыр. Оларға міндетті түрде салық қосымша нұсқамаларын тапсыру көзделген. Біз олардың барлық табыстары мен шығыстарын, құжаттарын тексере аламыз. Егер де міндеттемелер орындалмаса, міндетті түрде салық тексерістерін жүргізіп, олардан қосымша салық, айыппұл өндіріп ала аламыз. Сондықтан олар біздің бақылауымызда болады", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу