"Бұл – сенімнің символы": Тоқаев Мажарстан Премьер-министрін "Достық" орденімен марапаттады

412

Президент Виктор Орбанның қос халықтың ынтымағы жолында сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

"Бұл – сенімнің символы": Тоқаев Мажарстан Премьер-министрін "Достық" орденімен марапаттады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Сіз Қазақстанда көрнекті саяси көшбасшы, уақыт сынынан өткен, әлемдік аренада үлкен құрметке лайық дос ретінде танымалсыз. Осыған байланысты сіздің қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға ұдайы қосып келе жатқан үлесіңізді және көрнекті басқарушылық қабілетіңізді жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Көп жағдайда сіздің қалтқысыз күш салуыңыздың, мызғымас жеке ұстанымыңыздың арқасында екі арадағы әріптестіктің келешегіне үлкен оптимизммен, тың талпыныспен қараймыз", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада.

Президент Мажарстан Премьер-Министрінің қос халықтың ынтымағы жолында сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

"Сізді І дәрежелі „Достық“ орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — терең құрмет пен ізеттің, тату халықтарымыздың бірлігінің, қарым-қатынасымызды нығайтуға деген берік ынтаның, өзара құрметке құрылған сенімнің символы", — деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу