"Бұл шеру емес, мерекені тойлау": Өзбекстанның ІІМ мәлімдеме жасады

559

ІІМ әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қатысты мәлімдеме жасады.  

"Бұл шеру емес, мерекені тойлау": Өзбекстанның ІІМ мәлімдеме жасады Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Самарқандта (Өзбекстан) наразылықтар қалай өтіп жатқаны туралы бейнероликтер таратылуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбаларда Самарқанд көшелерінің бірінде бір топ адамдар жиналып, жарылыс болғаны көрсетілген. Әлеуметтік желілерде аталмыш жазбалар тез тарап, наразылықтар басталды деген болжам жасалды.

Осыған орай Өзбекстан ІІМ мәлімдеме жасап, жазбада дүйім жұртшылық жаңа жылдық мерекені тойлау үшін жиналғанын хабарлады.

"Қала тұрғындарының көпшілігі 31 Желтоқсанда мерекелік іс-шараларды тамашалау үшін көшелерге жиналды. Мерекеден кейін олар үйлеріне тарады", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу