Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті спорт басқармасының басшысы Елсияр Қанағатов қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметовтің 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы өнеріне баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Кеше біздің команда үшін жақсы күн болды деп айта аламыз. Әділ Ғалиахметов жекелей сында 1500 метрге жүгіруде жақсы нәтиже көрсетіп, көпшілікті қуантып, ақтық турнирге шықты", – деді Елсияр Қанағатов онлайн баспасөз мәслихатында.
Баяндамашы өз сөзінде қазақстандық жаттықтырушы Мәдіғали Қарсыбековтің еңбегін ерекше атап өтті.
"Бұл нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз, бұл шорт-тректегі тарихи жетістік. Осы жерде жаттықтырушы Мәдіғали Қарсыбековтің еңбегін атап өткім келеді. Ол Қазақстанда шорт-тректі дамытуда басынан аяғына дейін жұмыс істеп келеді, бұл оңай жұмыс емес", – деп қосты Елсияр Қанағатов.
Еске сала кетсек, қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада 1500 метр қашықтықта ТОП-10-ға енді.
Құралай Құдайберген