Бұл уақыт ақшасыз есеп айырысуды енгізуге керемет мүмкіндік – Президент

786

Қасым-Жомарт Тоқаев төлем карталарын қашықтықтан алу мәселесін үш күн ішінде шешуге тапсырма берді. 

Бұл уақыт ақшасыз есеп айырысуды енгізуге керемет мүмкіндік – Президент

10 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.

Онлайн отырыста мемлекет басшысы: "Төлем карталарын алу өте өзекті мәселелердің қатарында. Қазір карталардың жеңілдетілген шығарылымы әртүрлі себептермен созылып кетті. Бұны жүзеге асыруға техникалық инфрақұрылым, нормативті орта мен мемлекеттік органдардың бизнес процестері дайын болмай шықты. Ал бұл уақыт ақшасыз есеп айырысуды енгізу және көлеңкелі төлемдерді азайту үшін өте керемет мүмкіндік қой", – деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев төлем карталарын қашықтықтан алу мәселесін үш күн ішінде шешуге тапсырма берді. 

Сонымен қатар ол өз сөзінде ТЖ режимі кезінде шын мәнінде қаржылай көмекке мұқтаж адамдарға ғана қаражат бөлінетінін тілге тиек етті.

"Жеткілікті табысы барлардың мұндай қаржылай көмекті алуына жол бермеу керек. Алаяқтар мен ар-ұяттан безгендерді тәртіп салу қажет", – деді мемлекет басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу