Мәліметте көрсетілген "Елордадан солтүстік-батыс бағытында – Шортанды кенті бағытына қарай, Астана – Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ" Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейді. Осыған байланысты аталған аумақ екінші әуежайдың орны ретінде Астананың Бас жоспарында қарастырылуы мүмкін емес, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылуда", – делінген әкімдіктің хабарламасында.
"2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жобасы елордалық мәслихат депутаттарының мақұлдауынан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісуіне жолданатын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенулерін сұраймыз.
Нақты ақпарат алу үшін "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-не жүгінуге болады.