Бұлбұл "жыл құсы" болып жарияланды

2731

Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) бұлбұлды Қазақстандағы жыл құсы деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бұлбұл "жыл құсы" болып жарияланды

"ҚБСҚ мүшелері 2022 жылғы құсты таңдады. Тізімді ҚБСҚ және Қазақстан құстарды қорғау одағының орнитологтары ұсынды. Нәтижесінде, бұлбұл Қазақстандағы жыл құсы болып жариялады", – деп жазылған хабарламада.

Елде бұлбұлдың 2 түрі ба (оңтүстік және қарапайым). Олар өте ұқсас болып келеді. Құстың 2 түрі де қысты басқа жаққа ұшып кетеді. Қарапайым бұлбұлдар ұясын елдің солтүстігінде, ал екінші түрі басқа өңірлерде салады.

Айта кетейік, өткен жылы бірқазан, 2020 жылы ителгі (балобан) Қазақстанның жыл құсы болып жарияланған.

Елдегі жыл құсын таңдау 2006 жыл бері жүргізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу