Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев бүлікшілер 5 өңірдегі әкімдікті басып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Биыл 4 қаңтарда еліміздің көптеген өңірінде бір мезгілде 500-ден 4000-ға дейін адам жиналды. Олар билік тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан әкімдіктерді басып алуға кірісті.
Оларда қару болған. Олар Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Семей қаласы әкімдіктерінің және кейбір құқық қорғау органдарының ғимаратын басып алды", - деді министрдің міндетін уақытша атқарушы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, бүлікшілер тағы 5 облыстың әкімдігіне шабуыл жасаған.
"Бүлікшілер әкімшілік ғимараттар мен қызметтік көліктерді, мүліктерді өртеп, кінәсіз азаматтарды, әскери және полиция қызметкерлерді ұрып-соққан", - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Дәурен Ерболат