Бүліктен кейінгі Махачкала әуежайының жұмысы қайта жанданды

332

Әуежай Тель-Авивтен келетін рейстерді қабылдамайды.

Бүліктен кейінгі Махачкала әуежайының жұмысы қайта жанданды Фото: ТАСС

Махачкаладағы Уйташ әуежайы 30-шы қазанда Мәскеу уақытымен сағат 14:00-ден бастап ұшақтарды қабылдау және жөнелтуді қайта бастады, делінген Росавиация таратқан мәліметте.

Росавиация әуежай жұмысын таңертең бастайды деп күткен, алайда оның жұмысы бүгін түстен кейін ғана іске қосылды. Жексенбі күні кешке Израилден келетін рейске наразылық танытқан тұрғындар әуежайға шабуылдап, бүлік шығарған болатын.

"Бұл ретте Тель-Авивтен Минеральные Воды мен Махачкалаға "Азимут" және "Ред Вингс" авиакомпанияларының рейстері Ресейдің басқа қалаларына уақытша бағытталады", – делінген хабарламада.

Бүлікшілер жексенбі күні Махачкала әуежайына Тель-Авивтен келген ұшақ қонғанда шабуыл жасады. Олар Израильдіктердің ХАМАС шабуылына жауап ретінде Газаға жасаған соққылары үшін кек қайтарамыз деп қорқытып, израильдіктерді іздеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу