Бүлінген бюллетеньді ауыстыруға рұқсат

538

Бүлінген бюллетень жарамсыз болып саналады.  

Бүлінген бюллетеньді ауыстыруға рұқсат Фото: inbusiness.kz

Бүлінген бюллетеньді бір рет ауыстыруға болады. Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүлінген бюллетень жарамсыз болып саналады.

"Егер дауыс беруге келген азамат қате жіберіп, бюллетеньдегі аты-жөні сызылған кандидатты белгілесе және қателескенін бюллетеньді жәшікке салмай тұрып байқаса, дауыс беру қағазын ауыстыруды сұрай алады. Азамат учаскелік комиссияға жүгініп, қайта дауыс бере алады", - деді Айгүл Қалықова.

Ал мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

Айта кету қажет, жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу