Бундеслига тарихында алғаш рет әйел төрелік етті

811

 Бундеслига тарихында алғаш рет әйел төрелік етті

10 шілдеде Германия чемпионатының 3-ші кезеңінде "Герта" өз алаңында "Вердер" командасын қабылдады. Кездесу "Olympiastadion" стадионында өтті, кездесу 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды vesti.kz
Ойынның 38-ші минутында "Гертаның" австралиялық жартылай қорғаушысы Мэтью Лэки есеп ашты. "Вердер" ойыншысы Томас Делейни 59 минутта жауап қайтарды.

Бұл кездесудің ерекшелігі Бундеслига тарихында және еуропалық ерлер футболының дивизионында әйел адам төрелік етті. 38 жастағы Бибиана Штайнхаус ойынның 36-шы минутында "Гертаның" жартылай қорғаушысы Пер-Сильян Шелбредке сары қағаз көрсетті.

Бибиана Штайнхаус Ганновер қалалық полициясында жұмыс істейді. Бұрындары ол екінші дивизиондағы ойындарға төрелік ететін. 2015 жылы ол ойын кезінде дюссельдорфтық "Фортуна" ойыншысына қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан шығарғаннан кейін, наразы болған футболшы "әйелдерге футболда орын жоқ" деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу