Ақмола облысы Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті "Кипрос" ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ведомствоның 2025 жылғы 22 мамырда, бейсенбіде жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленген. 2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған", - деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.
Тексеру нәтижелері бойынша департамент сотқа жүгінді.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.