Бурабай ауданының әкімі тағайындалды

594

Бұл қызметке Арай Садықов келді.

Бурабай ауданының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Арай Садықов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Ермек Маржықпаев таныстырды. 

Садықов Арай Серікбайұлы 1980 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын және Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласының жеке құрылымдарында бастаған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу