Бурабай аумағындағы Көкшетау тауында өрт шықты

817

Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабай аумағындағы Көкшетау тауында өрт шықты

"25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне "Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері анықталып жатыр. 

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды", делінген ведомствоның жедел ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу