Бурабай ауылының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

199

Әкім кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Бурабай ауылының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды Фото: Бурабай аудандық әкімдігі

Бурабай ауылының әкімі Сабыр Жалмұқановқа Әдеп кодексін бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

"Бурабай ауылының әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалғаны анықталды. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында әкім кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен. Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіден тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындады", - делінген хабарламада.

Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Бурабай аудан әкімінің өкімімен Бурабай ауылының әкіміне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу