Бурабай демалыс аймағында әйнек өткел салынуы мүмкін

1197

Бурабай демалыс аймағында әйнек өткел салынуы мүмкін

Бурабай курорттық аймағында Қытай мен Жапониядағы секілді әйнек өткел салынуы мүмкін. Аталған өткел Бурабайдағы Бөлектаудан шыңға дейін 230 метр ұзындықта салынуы ықтимал, деп хабарлайды naryk.kz.

Әзірге жобаның жобалық-сметалық құжаты дайын емес, бағасы да белгісіз. Өйткені жобаны іске асыру үшін жеке бизнестің инвестициясы керек. Ақмола облыстық "Туристік ақпарат орталығы" мекемесінің басшысы Жанат Нұғыманованың айтуынша, әзірге қызығушылық танытушылар жоқ.

Дегенмен, жергілікті билік жобаның орындалатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, ертеректе облыс әкімдігі Бурабай курорттық аймағына 68 млрд теңге салыну жоспарланғанын хабарлаған еді. Оған тау шаңғысы базасы, ашық театр, аквапарк, сақ моншасы, әйнек өткел салынатыны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу