Бурабай казиносында "жарылғыш зат": 400-ге жуық адам эвакуацияланды

393

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бурабай казиносында "жарылғыш зат": 400-ге жуық адам эвакуацияланды Фото: Ақмола облысы ПД

Бурабай курортындағы казиноға бомба қойылғандығы туралы хабарламаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты 393 адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Айта кетейік, бүгін, 24 тамыз күні, сағат 09:49-да Бурабай аудандық полиция бөліміне қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен "CashVille" казиносында жарылыс болу қаупі туралы ақпарат түскен.

"Полиция қызметкерлері жеке сектордың аумағын қоршап, шығып бара жатқан көліктерді тексерді. Қазіргі уақытта 393 адам эвакуацияланды. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Жарылыс техниктері ғимаратта жарылу қаупі бар заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен бірге күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", деді ПД өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу