Бурабай көлдеріндегі бір бизнес түріне тыйым салынды

"Көлге кіруге тыйым салынады" деген ақпараттық тақталарға қарамастан бірнеше факті тіркелген.

Бурабай көлдеріндегі бір бизнес түріне тыйым салынды Фото: canva

Сондықтан, ұлттық парктің инспекторлық құрамы рейд шараларын күн сайын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бұйрығымен бекітілген "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларына" сәйкес, Бурабай көлінің мұз бетінде квадроциклмен жүруге тыйым салынғанын мәлімдеді.

Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында осы тыйымға қарамастан көл бетінде квадроциклмен жүрудің 8 фактісі тіркеліп отыр.

Ұлттық парк мамандары көлде мұндай бизнес түріне рұқсат жоғын ескертеді. Тіпті, көлдер маңында "Көлге кіруге тыйым салынады" деген ақпараттық тақталар да бар.

Инспекторлық құрам мен Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдері табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейд жүргізіп келеді.

– Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді. Көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды. "Бурабай" парк ұжымы ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу