"Бурабай" курорт аймағын бақылауына алмақ болған қылмыстық топ ұсталды

316

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

"Бурабай" курорт аймағын бақылауына алмақ болған қылмыстық топ ұсталды Фото: ҰҚК

2024 жылғы 27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

"Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу