Бурабай курортына "THR" белгiлi консалтингтiк компаниясы өкiлдiгi директорының мiндетiн атқарушы Христоф де Брюна мырза мен Мирко Джерговик бастап келген арнайы делегация келдi. Олар Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында жасалатын жүйелiк жоспарды iске асыру үшiн арнайы шақырылған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әдетте, бұл жоспарды халықаралық сарапшылар мен ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бекiтедi. Әлемдегi 70 елдiң курорттық жоспар жүйесiн әзiрлеуде мол тәжiрибесi бар компания өкiлдерi, Бурабайда Үлкен Шабақты көлiнiң аумағын зерттеп, 233 га аумақта жалпылай туристер үшiн жоғарғы деңгейдегi жылбойғы курортты құру жобаларын әзiрлеу мен оны дамыту бойынша өз ұсыныстарын бередi.
Қазіргі таңда инженерлік желі мен автожолдардың құрылысы бойынша инвестициялық жоба әзірленіп жатыр.
Айта кетейік, THR International Tourism Consultants компаниясы 1985 жылы Испанияда құрылды. 1000-нан астам жобалар Испания мен Кариб, Солтүстік Америка, Еуропа, Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка елдерінде әзірленді.