Бурабай курортындағы казиноға бомба қойылғандығы туралы хабарламаға байланысты полиция тексеру бастады.
Хабарлама Cash Ville Casino бас бухгалтерінің поштасына келген. Онда ғимаратта жарылғыш зат қойылғандығы туралы жазылған.
Хат авторы шотқа 5 миллион рубль аударуды талап етіп, олай болмаған жағдайда казиноны жаратынын мәлімдеген.
Қазіргі кезде жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу