Бурабай мен Алакөлде 350 мың адам демалған

1182

"Курорттық аймақтарда бос орын жоқ".

Бурабай мен Алакөлде 350 мың адам демалған

Алакөл мен Бурабайға алдын ала жолдама брондап қойған туристерге карантиндік шектеулер әсер етпейді. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте осындай мәлімет айтты.

"Біздегі мәліметтер бойынша барлық курорттық аймақтарда жазғы туризм маусымының соңына дейін брондайтын бос орын қалған жоқ. Алайда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты аумақтарда карантиндік шектеулер қайта енгізілген болатын. Осыны ескере отырып, ШҚО-дағы Алакөлдің жағалауында және Шучье-Бурабай круорттық аймағында санитарлық дәрігерлердің демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы шешімі шыққан. Төленген брондардың ақшасын қайтаруды болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, санитарлық дәрігерлердің қабылдаған бұйрықтарына өзгеріс енгізді. Нәтижесінде Алматы облысындағы Алакөлдің жағалауында және Шучье-Бурабай курорттық аймағында мынадай тәртіптер енгізілді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметі берген тиісті дайындық актілері бар демалыс базаларына алдын ала брондалған төлемі бар демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді. Ал ШҚО-дағы Алакөлдің жағасында отбасының бір мүшеснде ПТР-тестің анықтамасы болса, демалуға рұқсат етіледі. Брондалған орын туралы деректер блокпостарда салыстырылатын болады. Қазірге дейін Алакөл мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында 350 мың қазақстандық демалған. Бұл әрине елдегі эпидемиологиялық жағдайдың әсерінен болып отыр", – деді комитет басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу